Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2026

Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер

02 сәуір  2026ж күні    “Шаян” мектеп-лицей” КММ-де  «Инклюзивті білім беруді қолдау» орталығының мамандары “Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер” тақырыбында педагогтер мен сынып жетекшілерге арнап шебер-сынып өткізді.

  Шебер-сыныпты өткізудегі мақсаты – педагогтерге ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балалармен оқыту үдерісінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру, инклюзивті ортада баланың жеке ерекшеліктеріне сай қолдану жолдарын көрсету.

 Шебер-сынып барысында келесі бағыттар қамтылды:

- ЕБҚ балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту принциптері; 

- Саралап, даралап оқыту әдістері; 

- Көрнекілік, визуалды қолдау, құрылымдау, бейімделген тапсырмалар түрлері; 

- Тірек-сигналдар, карточкалар, коммуникативтік тақталар (PECS элементтері); 

- Қимыл-қозғалыс ойындары мен сенсорлық интеграция элементтерін қолдану; 

- Қиындықтары бар балалармен кері байланыс және күшейту тәсілдері. 

Шебер-сынып барысында қатысушылар практикалық жұмыстар орындап, әдістемелік материалдармен танысты. Іс-шара соңында қатысушыларға ұсыныстар беріліп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Шебер-сынып өз мақсатына жетіп, педагогтердің инклюзивті ортада жұмыс істеу дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.


https://www.facebook.com/share/r

/1AtzbSrYCf/?mibextid=wwXIfr