«Құмарлыққа бой алдыру -тәуелділік құрдымы» тақырыбында тренинг сабақ өтілді. » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құмарлыққа бой алдыру -тәуелділік құрдымы» тақырыбында тренинг сабақ өтілді.
19
апрель
2024

«Құмарлыққа бой алдыру -тәуелділік құрдымы» тақырыбында тренинг сабақ өтілді.

«Шаян» мектеп- лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 10-11 сынып оқушыларының ата -аналарын педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасын іске асыру мақсатында «Құмарлыққа бой алдыру -тәуелділік құрдымы» тақырыбында тренинг сабақ өтілді. 

Мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

1.Жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеуге көмектесетін отбасы ресурстарын қалыптастыру.

2.Ата-аналардың тәуелділіктің алдын алу және оған қарсы тұру шараларын әзірлеу.

3.Психобелсенді заттарды қолданудың, құқықбұзушылықтың профилактикасын жақсарту үшін жағдай жасау.

Ата аналарға жасөспірім шақта балаларымыздың қызығушылығымен әрнәрсеге әуесқұмарлығы басым болып, кез келген нысанды көруге оның дәмін татуға талпынып тұрады. Осы кезден бастап баланың психобелсенді заттарды көруге құмартып тұрады және оны көреді де. Біз үлкендер тарапынан психобелсенді заттардың адам өміріне зиян келтіретінін және олар тез тәуелді болып қалатындығын үнемі ескертіп, түсіндіріп отыруымыз қажет екендігі ата- аналарға ескертілді. Тренинг соңында ата- аналар баланы үнемі бақылауда ұстау керектігі, үнемі қолдау білдіру, сырласа білу, достық қарым- қатынас жасай білу керек екендігін түсінді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1146419889830133&set=pcb.1146420053163450&__cft__[0]=AZUq8x47gdw4_t6r_lDujsyNw47RcpSIM7hAfE78LCFQtWgnRn10yqMkHTWfDAWBUQwaTvalahrrVkYdWy_Gq9eH_uO1sPlRBST7A_vUKKeDyp0qp8nMDO7hvKBFhUekBRaslt0Wb39zx--DQOrMAVHIrD2XNpxqNnrmsqTsdjCO-A&__tn__=*bH-R