#Біртұтас_тәрбие #Ұлттық_рәміздер
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты «Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету мақсатында 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары негізінде 1-4 сынып оқушылары арасында ҚР Мемлекеттік әнұраны 19.02.2024 ж күні тәрбие сағаттарының алдыңда бір уақытта орындалды.
23.02.2024 ж күні «Жас Ұлан» ұйымы 1-4 сыныптар бойынша оқушылар Ұлттық рәміздерді насихаттау бағытында іс-шара өткізілді. Іс-шарада оқушыларға ұлттық рәміздерге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көптеген сұрақтар қойылып, сұрақтарға жақсы жауап берген 4 «Б» сынып оқушылары Айжарық Айжарқын, Нұржанұлы Мирас, 4 «Ә» сынып оқушылары Дәуренұлы Дарын, барлық сұраққа жоғары дәрежеде дұрыс жауап берген Маратұлы Нұрқанат және тәртібі мен білімі жағынан үздік болып жүрген оқушыларға Мемлекеттік Елтаңба бейнеленген төсбелгілерді табыстау рәсімі ұйымдастырылды.
МДТІЖО Қожамжарова.Р.С
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1117391122733010&set=pcb.1117391739399615&__cft__[0]=AZX6EBZeY9PKiX-ZLXWcWPCaxGHGRE16wCL49ZibcPRnR3aUNxXU7w_1hSfRusytB3-KNEiVH-cWsZWsR72lNDKmB-QS-VFC9-vX_NAB9yqUEMLXAK4w0fC_PNZnCE2B1IVbl2gUt8RjiQpJr1j8ISGuZ2PURz4a5bcnub2URzyOfQ&__tn__=*bH-R