«Шаян» мектеп -лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 сынып оқушылары арасында өзіне өзі қол жұмсау (шатырға шығуды бақылау, дәрілік препаратта
Аудандық білім бөлімінің 29.11.2023 жылғы № 1932 санды хатын негізге ала отырып «Шаян» мектеп -лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 сынып оқушылары арасында өзіне өзі қол жұмсау (шатырға шығуды бақылау, дәрілік препараттарды жауапты қолдану) қол жеткізуді шектеу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Молдабекова оқушылар бір біріне инабаттылық пен ибалылық, бір біріне қамқорлық, жанашырлық танытқанда ғана ауызбіршілік , сыйластық бір біріне деген аяушылық сезім туындайтындығын түсіндірді. Қазіргі таңда әсіресе ер балалар арасында бір- бірін қорлау, әлімжеттіктің салдарынан көптеген жасөспірімдеріміз өз- өзіне қол жұмсап болмаса қиын жағдайға, шарасыз күйге түскендеріде бар. Олардың арасында қасақана улы заттарды (дәрі дәрмек, уксус) қолданып өзіне өзі қастандық жасау фактілеріде орын алып жатыр. Сондықтанда әр істің, әр мәселенің өз шешімі бар тек сендер ата- анаға, ұстаздарыңа сенім артып көмек сұраңдар, еш қысылмаңдар, өзіңді өзің бағала, өзіңе сен, еш уақытта кері шегінбе әр істің бір қайыры бар демекші, әр істің шешімі табылады, сен тек сабырмен ақылмен шешуге тырыс деп оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Екінші кезекте мектеп психологы оқушыларға «Менің тағдырым» тақырыбында бейнебаян көрсетіп оқушылардың әсері тыңдалды. |