«Шаян» мектеп- лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24.01.2024 ж күні 9-10-11 сыныптар арасында «Өмірдің мәне неде?» тақырыбында тренинг
«Шаян» мектеп- лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24.01.2024 ж күні 9-10-11 сыныптар арасында «Өмірдің мәне неде?» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылар бойына жағымды қасиеттер дарыту, отбасының, ата- ананың, достарының, өзінің денсаулығының қаншалықты құнды екендігін сезіндіру.Оқушыларға жеті қима қағаз таратылып беріледі. Осы жеті қима қағазына өзіне ең жақын құндылығын жазады. Жазып болған соң бойына құндылығын алып саяхатқа шығамыз. Әр қайсысымыз жолда келе жатқанда кездескен қиыншылыққа бойымыздағы бір құндылығымыздан беріп отырамыз. Жолдың соңына келгенде балада құндылық таусылып, тығырыққа тіреледі. Бұл тренингті ойнату мақсатымыз балаға қиыншылық кездескенде ата- анасын, достарын, бауырларын, өз денсаулығын бермей, қиыншылықпен өзі күресуге, өзі жеңіп шығуға баулу болатын. Тренинг соңында әр оқушыдан рефлексия алынды, барлығы көңіл күйлерінің көтеріңкі екендігін айтты. |