Мәңгілік ел - мәртебелі тіл он күндігі 4-11 сынып » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2024

Мәңгілік ел - мәртебелі тіл он күндігі 4-11 сынып

«Бәйдібек ауданының білім бөлімі» ММ Түркістан облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 06.09.2023 жылғы №1357 санды хатына сәйкес 2023 жылы 5-15 қыркүйек аралығында «Шаян» мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тілдер мерекесіне орай қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» онкүндігі жоспарланды. Онкүндік жоспарына сәйкес 12.09.2023ж күні ағылшын тілі пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 4-11 сыныптар аралығында «Have fun» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.                                                     Еліміздің бірлігі жарасқан ел екендігін паш ету мақсатында өткізілген концерттік іс-шараның ашылу салтанатында ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Бұхарбай сөз сөйлеп, іс-шараны 7 «А» сынып оқушылары «Modern dance »  биімен бастады. 7 «А» сынып шет тілдері жайлы диалогқа түсті. 8 "Б" сынып оқушылары триода Риананың  "Diamond" әнін орындады.4-8 сынып оқушылары тіл тақырыбында тақпақтар айтып, 6 "Ә" сынып оқушылары ағылшын тілі сабағына көрініс көрсетті. 10 «А,Ә» сынып оқушылары әртүрлі шет тілінде ремикс әндерін хормен орындады.11 "А" сынып оқушысы Фархатұлы Елдар "Ed Sheeran" Perfect әнін орындап,  тіл мәртебесінің мерейін насихаттады.