Мәңгілік ел - мәртебелі тіл. » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2024

Мәңгілік ел - мәртебелі тіл.

Бәйдібек ауданының білім бөлімі, облыстық «Білім беруді дамыту орталығы»КММ-нің 2023жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тақырыбында онкүндік өткізу жоспарланды. Осыған орай бүгін «Шаян»мектеп-лицей

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» онкүндік іс-шаралар жоспары бекітіліп, ашылу салтанаты өткізіліп,бағдарламасы мектеп оқушыларына, мұғалімдеріне таныстырылды.

       Ашылу салтанатында үш тілде тіл туралы өлеңдер оқылып, 5 қыркүйек алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне әрі 151 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты бейнебаян көрсетілді. 11-сынып оқушысы Фархатұлы Элдар «Бірлік ұраны»әнін орындаса,8- сынып оқушысы

Мухиддин Айкөркем «Желаю тебе,земля моя» әнін орындады. Апталықтағы іс- шаралар онкүндік бойында атқарыла береді, оқушылар белсене қатысады. 

        Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай мектеп ұжымы ат салысады. Тіл үшін күрес – тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы жанашырлық танытуға мектебіміздегі барлық оқушылар ат салысатынына сенеміз.