Мамандықты дұрыс таңдау - өз келешегіңді дұрыс бағыттау
Мамандықты дұрыс таңдау - өз келешегіңді дұрыс бағыттау Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан қазіргі жастарымыз сауатты,білімді,бәсекеге қабілетті болулары үшін өз мамандықтарын дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарын таба білулері керек."Кім боламын "деген балада сұрақ туындаса ең алдымен бұған жауап беретін ата-анасы, себебі, олар өз перзентінің жай-күйін бесікте жатқан кезінен біледі. Одан кейінгі оның бірден - бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез-құлық, қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы.Кеше ғана ата-ананың аялы алақанында, ұстаздарының қамқорлығында болып келген сіздердің балаларыңыз ендігі жерде өмірден өз орындарын тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азамат болулары - өмірлік парыз. Осы ретте оқушылардың алдарында өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міңдет тұр. Өз білімдерін дәлелдеп, ҰБТ-дан жоғарғы нәтиже көрсетіп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру. "Шаян" мектеп-лицейінде оқушыларға кәсіби бағдар беру жоспары құрылып, "Менің болашақ мамандығым" жобасы жүзеге асырылып отыр . ЖОО мамандарымен және түрлі маман иелерімен кездесу ұйымдастырылып отырады. Өйткені келешек қоғамның басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары.Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Нургул Ауелбекова "ШАЯН"мектеп -лицей" КММ-нің кәсіптік бейімделу бойынша нұсқаушысы |