Балалардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте ақысыз үйірме жұмыстары
#Біртұтас_тәрбие Бәйдібек ауданы, “Шаян”мектеп-лицей” КММ.Балалардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте ақысыз үйірме жұмыстары жүргізілуде.Бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі-рухани бай, жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеу. Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектебімізде “Тоқыма”, “Тігін”, “Көркем сурет”, “Баскетбол”, “Волейбол”, “Шахмат”, “Айтыс”, “Көркем сөз”үйірмелері ұйымдастырылған. |