«Заң және тәртіп»
Бүгін “Шаян” мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында қызықты да мазмұнды пікірсайыс өтті. Бұл дебат барысында оқушылар қоғамдағы заңның рөлі мен тәртіптің маңыздылығын талқылап, өз көзқарастарын нақты дәлелдермен қорғады. Командалар өз ойларын жүйелі түрде жеткізіп, пікірталас мәдениетін, сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық