29
апрель
2026
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР “Шаян” мектеп-лицей КММ -де құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 5-11сынып оқушыларымен МДТІЖО Молдабекова Назира және АӘД пәнінің мұғалімі Жанысбаев Асхат түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптары, жасөспірімдердің жауапкершілігі, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері жөнінде кеңінен мәлімет берілді. Мақсат – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп бұзудың салдарын түсіндіру және құқықтық мәдениет қалыптастыру. Түсіндіру барысында нақты мысалдар келтіріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Кездесу оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға оң әсер етті.
|
