"Құқықбұзушылықтың алдын алу ортақ міндет"
#Қауіпсіз_балалық_шақ Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты "Шаян " мектеп-лицей КММ-де 2025 жылдың 10 қазан күні Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Жұмабеков Марат Күмісбекұлы "Учаске" профилактикалық іс-шарасы аясында 8-9 сынып оқушылары арасында "Құқықбұзушылықтың алдын алу ортақ міндет" тақырыбында оқушылармен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдерге құқықтық тәртіп, заң алдындағы жауапкершілік, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық жайында жан-жақты ақпараттар беріліп, өмірлік мысалдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік пен заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу. - Мұндай шаралар оқушыларды құқықбұзушылықтан сақтандыру мен қатар, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. #Адал_азамат #Құқық_бұзушылықтың_алдын_алу
|

