09
декабрь
2024
"Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет" тақырыбында
| #БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ "Шаян”мектеп-лицей" КММ-де 2024-2025 оқу жылының 17 қыркүйек күні "Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу басты міндет" тақырыбында аудан прокуратурасының прокурорлары Нұрсұлтан Ғабитұлы, Асқар Жасұлан Асқарұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдамжаров Өскен Қосыбайұлы, орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айтуаров Батыр Ағабекұлы және білім бөлімінің әдіскері Бегеров Нұржан Досжанұлы мектеп әкімшілігі, сынып жетекші және 8-11 сынып оқушыларына кездесу өткізді. Кездесуге 89 оқушы қатысты .Кездесудің мақсаты – кәмелетке томағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын-алу , қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты келеңсіз жағдайларға қоғамның назарын аудару. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдамжаров Өскен Қосыбайұлы ашып берді, сөз кезегінде Нұрсұлтан Ғабитұлы кездесу барысында кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомблық, буллинг, нашақорлықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандарға қатысты келеңсіз жағдайларға қоғамның назарын аудару мақсатында мектеп әкімшілігі, сынып жетекші және 9-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыру, қазіргі заманда өзекті мәселе екендігіне тоқталды. Жасұлан Асқарұлы бала құқығы туралы айта келіп, құқық бұзузушылық туралы оқиғалардан мысал келтіріп, оқушыларға кеңестер беріп, ойымен бөлісті. Бегеров Нұржан Досжанұлы өз сөзінде мектебміздің аудандық білім , ішкі саясат, ішкі істер бөлімдерімен және орталық ауруханамен бірлескен жоспарларымен тұрақты түрде жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. Біртұтас тәрбие бағдарламасын қолдай келе, оқушыларды тәрбие үштағанының идеологемалары Әділетті Қазақстан, Озық ойлы ұлт, Адал азамат құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруге шақырды. Жиын барысында тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді.Оқушылар кездесуден өздеріне пайдалы көптеген мәліметтер алды. Кездесу жоғары дәрежеде өтті. #QR_Oqu_agartu_ministrligi #MeruertMedetbekova #АнарТәңірбергенова#Алтынсарин_академиясы #Ата-аналарды_ педагогикалық_ қолдау_ орталығы #Түркістан_облысының_Прокуратусы |