"Бала бойындағы агрессияны азайтудың тиімді жолдары" тақырыбында өтілген тренинг » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Бала бойындағы агрессияны азайтудың тиімді жолдары" тақырыбында өтілген тренинг
06
октябрь
2022

"Бала бойындағы агрессияны азайтудың тиімді жолдары" тақырыбында өтілген тренинг

Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде  22.09.2022 ж  күні «Бала бойындағы агрессияны азайтудың тиімді жолдары»    тақырыбында  ата- аналар жиналысында қосымша тренинг өтілді. Мақсаты:  Ата- аналармен  балалар арасындағы қарым - қатынасты  нығайту, ата -аналардың психологиялық білімдерін шыңдау.  Бірінші кезеңде   ата- аналарға психологиялық қолдау көрсетіліп, кеңестер берілді.  Ата- ана  дисфункционалды  және   функционалды  ата- ана  болып  екіге  бөлінетіндігі түсіндірілді.  Ата- ананың  функционалды   әрекеті  балаға  қамқор болу, қолдау  көрсету.

Дисфункционалды ата -ана  режимі барлық  іс- әрекетті   айқай шумен,  күш  

көрсетумен  бір сөзбен   айтқанда  балаға  зиян   келтіру. Ата- ана баланы  көп  

сынға  алады,   қорғай  алмайды. Сондықтанда ата- аналар  балаларына 

сабырмен қарап, мейірімділік таныта білу керектігі айтылды.

Екінші кезеңде осы айтылған  кеңестердің барлығы  тренинг арқылы 

дәлелдеп, ата- аналар өздері ортаға шығып, рольдік ойындарға еніп, баланың 

кейпін сомдады.   Тренингтен түсінгендері  балаға дауыс көтермей барлық іс- 

әрекетті сабырмен шешуге және баласын жақсы көретіндігін жасырмай үнемі  

«мен сені жақсы көремін» деген сөздерді жиі айтып тұру керектігі

дәлелденді.