«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2026

«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара

Шаян мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында мектеп директоры Д.А. Амизов құттықтау сөз сөйлеп, барша ұстаздар мен оқушыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

«Той бастар» дәстүрімен бастау алып, кимешек киген әжелер ән шырқап, шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында сынып жетекшілер мен әр сыныпқа бекітілген ер мұғалімдерден құралған қоғамдық сынып жетекшілерге «Қамшы өру» және «Бұрымды қыз – ел көркі» атты байқаулар ұйымдастырылды.Байқау қорытындысы бойынша «Ең әсем шаш үлгісі» 3-орын және «Ең үздік қамшы шебері»  бойынша 3-орын берілді. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, оқушылардың әндері мен өнерлері көрермендерге ұсынылды. Мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып соңы ұлттық спорттық іс-шаралармен жалғасын тапты.


https://www.facebook.com/share/

v/1SfWEAcYSc/?mibextid=wwXIfr