08
декабрь
2024
"Язык – мост дружбы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді
| «Бәйдібек ауданының білім бөлімі» ММ Түркістан облыстық «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің 06.09.2023 жылғы №1357 санды хатына сәйкес 2023 жылы 5-15 қыркүйек аралығында «Шаян» мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тілдер мерекесіне орай қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» онкүндігі жоспарланды. Онкүндік жоспарына сәйкес 11.09.2023ж күні орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 4-11 сыныптар аралығында «Язык – мост дружбы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Еліміздің бірлігі жарасқан ел екендігін паш ету мақсатында өткізілген концерттік іс-шараның ашылу салтанатында бірлестік жетекшісі Д.Серперова сөз сөйлеп, іс-шараны 6 «Ә» сынып оқушылары «Ложкари» қасықтар биімен бастады. 7 «А» және 5 «Б» сынып қыздары орыс биін биледі. 4-8 сынып оқушылары тіл тақырыбында тақпақтар айтып, 6 «А» сынып оқушылары орыстың ұлттық әні «Частушкиді» орындап, тіл мәртебесінің мерейін насихаттады. |
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02NjjumoGvrmxbxs7NBJfNLqMRKJcVFEjWhrmqJWwKU5NzcDJoy7BCUzeP69cHbA8zl&id=100033863970199&mibextid=Nif5oz