«Армысың, әз-Наурыз!» тақырыбында ұлттық мерекені ұлықтау және халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Армысың, әз-Наурыз!» тақырыбында ұлттық мерекені ұлықтау және халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау
06
май
2026

«Армысың, әз-Наурыз!» тақырыбында ұлттық мерекені ұлықтау және халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау

«Армысың, әз-Наурыз!» тақырыбында ұлттық мерекені ұлықтау және халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау мақсатында қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың байқауға ұсынылған шығармашылық жұмыстары қойылып, олардың өнерге деген қызығушылығы мен шеберлігі кеңінен таныстырылды.

   Аталған іс-шара Қолөнер үйірмесінің жетекшілері Г. Шыңғысбекова мен Б. Қауымбаева, сондай-ақ Көркем сурет үйірмесінің жетекшісі Ж. Сапенованың ұйымдастыруымен өткізілді. Көрмеде оқушылардың қолөнер бұйымдары, ұлттық нақыштағы шығармалары және көркем суреттері көпшілік назарына ұсынылды.

  Іс-шара барысында келушілер оқушылардың еңбектерін тамашалап, олардың шығармашылық ізденістеріне жоғары баға берді. Бұл көрме жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, өнерге баулуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосты.

  Аталған іс-шараға 8 «А» сынып оқушысы Көлбаева Аружан, 8 «В» сынып оқушылары Бахон Гауһар, Дәулетқызы Жансезім, Нұржанқызы Сағыныш, Бекбосынова Айзат және 9 «В» сынып оқушысы Елтай Мадина белсене қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.

   Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Наурыз мерекесінің мазмұнын айшықтай түсті.



https://www.facebook.com/share/

r/18CW85xX1o/?mibextid=wwXIfr