«Қазақстан – жалғыз ғана Отаным» тақырыбында өнер фестивалі
“Шаян” мектеп-лицей” КММ -сінде 2024 жылдың 14 наурыз күні «Қазақстан – жалғыз ғана Отаным» тақырыбында өнер фестивалі болып өтті. Фестивальдің мақсаты – вокал, би, актерлік шеберлік мәдениет пен өнердің түрлі саласын меңгерген ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың басын біріктіріп, оларға шығармашылық қолдау көрсетуге бағытталған, талантты оқушылардың өнерін насихаттау, ұлттық рухани өре биіктігін таныту. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Бағдарламада 24 жанрда қойылым дайындалды. Оркестр, сатира, драма, жеке әндер, көркем сөз, қаз биі (бастауыш, жоғарғы сынып оқушылары 2 би), заманауй эстрадалық би, достық биі, т.б, 2-кі хор орындалды. Сарапшылар қойылымды көріп тамашалап, қорытындысында мектеп ұжымына , оқушыларға, жауапты жетекшілерге, ата- аналарға деген ысты ықыластарын жеткізіп, алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді. Оқушылардың өнері өрге жүзсін! |
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1126736455131810&set=pcb.1126752625130193&__cft__[0]=AZXuNykJ4LZTHKdg4nT7ua4XsQhIvum-2VTIUfFOdnOO__InYRT_zvFMpTD-xufTUz-yW7YoNw3396EQowd55y2yPYARL91N9PrpEKjgw2upqKO6eKTV---UiwRjSdTNFWPnzJUZLhnSp8vNRGmWF3wywXAQRDsV5REa7HwVo0KFGA&__tn__=*bH-R