Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай «Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай «Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры»
02
апрель
2022

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай «Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры»

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай «Ел бірлігі – тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында 2021жыл желтоқсанның 14 күні салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты жиынның басты мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға -апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Жиынға ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Оңтүстік ұстаздары» газетінің меншікті тілшісі, журналист Серікбай Тұржан, Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Мейрамкүл Ормаханова, аудандық мәдениет үйінің қызметкері, желтоқсан оқиғасының куәгері Бақыт Оспанова, осы мектептің түлектері 1991 жылы туған Тәуелсіздіктің құрдастары Жаннұр Тобажанов, Мейіржан Беріков, Өркен Сарыпбековтер қатысып, құттықтау лебіздерін білдіріп, тәуелсіздігіміздің белестерін мақтанышпен жеткізді. 

Қонақтарға мектептің үйірме жетекшілері мен оқушыларының қолөнерден бірігіп жасаған «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты көрмесі, «Желтоқсан оқиғасына 35 жыл», «Тәуелсіздікке 30жыл» тақырыбында жасалған кітап көрмелері таныстырылды.

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай 

құттықтау, марапаттары мен бірге «Каникулда кітап оқиық» марафонының жүлделі жеңімпаз оқушылары арнайы дипломдармен, кітап оқуға ықпал жүргізген ұстаздары мен ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. 

«Жас ұлан» мен «Жас қыран» ұйымына 2-5 сынып оқушылары ант тапсырып, «Жас ұландар» әнін орындап қабылданды. 

Драма үйірмесінің «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты драма қойылымын қойылып, «Жас Ұлан» тобының оқушылары әдеби монтаж, ән-биден мерекелік концерт берді. Мерекеге келген қонақтар мен ата-аналар өз ризашылықтарын беріп, естелік суреттерге түсті.