12 апрель 2022 0 1 2 3 4 5 Көктемдегі гүл шоқтары «Менің анам» атты он күндік іс-шара жоспарына сәйкес «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 02.03.2022 жылы «Көктемгі гүл шоқтары» тақырыбында қолөнер байқауы өткізілді. Байқауға «Тоқыма өнері» үйірмесінің, «Тігін» үйірмесінің, «Шебер қолдар» үйірмесінің оқушылары қатыстырылды. Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Аналар гүлдей нәзік, гүлдей әсем, гүлдей көркем. Айналасына шуағын шашып қуаныш сыйлап тұрады. Барлық әсем гүлдер анарлар сіздер үшін! Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!Осы аталған байқауда көзге ерекше шығармашылығымен көзге түсе білген оқушыларды атап айтар болсақ.«Тоқыма өнері» үйірмесінің 6 «Б» сынып оқушылары Аблаз Мариям, Қожахмет Айзере.«Тігін» үйірмесінің 5 «А» сынып оқушысы Абдумаликова Анажан, 5 «Ә» сынып оқушысы Нұрғали Инабат «Шебер қолдар» үйірмесі 8 «А» сынып оқушысы Ыдырыс Шұғыла,8 «Ә» сынып оқушысы Бекзатқызы Балауса.