жасөспірімдердің гендерлік теңдік, адам құқықтары және қауіпсіз орта туралы түсінігін кеңейту
Байқаудың мақсаты – жасөспірімдердің гендерлік теңдік, адам құқықтары және қауіпсіз орта туралы түсінігін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту және қоғамдағы өзекті мәселелерге деген азаматтық көзқарасын қалыптастыру болды. Іс-шараға әр жастағы оқушылар белсенді атсалысып, өз жұмыстарында зорлық-зомбылыққа қарсылық, бейбітшілік пен теңдік құндылықтарын сурет арқылы шебер жеткізе білді. Әр сурет мазмұны, идея тереңдігі және көркемдік орындалуы бойынша бағаланып, әділқазылар алқасының талқылауынан өтті. Байқау барысында ерекше көзге түскен оқушылардың шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланып, үздік деп танылған қатысушылар марапатталды. Олардың еңбектері мектептің фойесінде арнайы көрме ретінде қойылып, көпшілік назарына ұсынылды. Бұл шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып қана қоймай, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тәрбиелік маңызын айқын көрсетті. Атап айтатын болсақ,ерекше шығармаларымен көзге түскен оқушылар: 5 «А» сынып- Сапарбек Айкөркем, 6 «А» сынып Ілесбай Нұрмахан, 6 «Б» Болат Айгерім, 7 «А» сынып Елбосын Аяулым, 8 «А» сынып Көлбаева Аружан, 9 «В» сыныптан Әміртай Аяулымның жұмысы жоғары бағаланды.
|

