Бала құқығы – адам құқығы»
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шаян көп салалы лицей – жалпы орта мектебінде 18.10-22.10.2021 жыл аралығында оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында «Бала құқығы – адам құқығы» атты апталық болып өтті. Кең ауқымды іс-шараның ашылу рәсімі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Айтуаровтың басшылығымен ашылды. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.Жунисбекова «Бала құқығы – адам құқығы» іс – шараның жоспарымен таныстырып баяндама оқыды.
19.10.2021 жыл «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында 2-4 сыныптар арасында сауалнама жұмыстары жүргізілді.
20.10.2021 жыл «Өз құқығыңды біліп,өзіңді қорға!» тақырыбында мектеп кітапханашысы Қ.Қонысова Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы екендігі туралы айтып өтті. 21.10.2021 жыл «Бақытты елдің ұланымыз» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ерекше көзге түскен
3 «Ә» сыныбынан Ғаниұлы Ерасыл үздік суретші атанып жүлделі І орынды,
4 «А» сыныбынан Әлібай Т, Алимжанұлы Е, 4 «Б» сыныбынан Анарбек А, 2 «Ә» сыныбынан Керімбай А, 1 «А» сыныбынан Сайлау Саялар жүлделі орындармен марапатталды.
22.10.2021 жыл «Бала ата- анасымен бақытты» шығармашылық байқау өз дәрежесінде өткізіліп, «Бала құқығы – адам құқығы» атты апталыққа бастауыш сынып оқушылары толықтай қатыстырылып,белсендік танытқан оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан мадақтамамен марапатталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=625198791952248&id=100033863970199