«Балалардың құқықтарын қорғау, зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалардың құқықтарын қорғау, зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты
19
февраль
2024

«Балалардың құқықтарын қорғау, зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты

13.11.2023ж күні «Шаян» лицей-мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 9 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Асан Сандуғаш «Балалардың құқықтарын қорғау, зорлық зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында бала құқығын түіндіріп жеткізілді. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар.Бала құқықтары жөніндегі конвекцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Баланың отбасындағы тәрбиесіне ата – анасына жауапты екендігін, баланы тәрбиелеп, оқытуға, білім алдыруға міндетті. Баланың өз отбасында ата-анасының тәрбиесінде болуға, жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық қадір-қасиетіне құрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез-келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Сонымен қатар оқушыларға бала құқығын, бала мен ата – ана арасындағы қарым-қатынас туралы мағлұматтарда айтылды. Бала құқығымен қатар , зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттар айтылды. Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады. Оқушыларға зорлық зомбылыққа жол бермеуге, басқа оқушылардың намысына тиетін сөздер айтпауға, кекетуге, дауыс көтеруге, басқа оқушылар алдында ұялтуға, бөгде таныс емес адамдардың көлігіне мінбеуге, үлкен адамдардың ақылын тыңдауға кеңес берді