«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында тәрбие сағаты
Біртұтас_тәрбие 2023жылдың 13 қараша күні «Шаян мектеп -лицей» КММ-де 10ә сыныбында «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау болып табылады . Сабақ барысында Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы,адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - конституциялық заңдылықтың басты талабы екені айтылды. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлы- зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Тәрбие сағаты барысында сынып оқушылары белседілік танытып, өз ойларын ортаға салды
|