«Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбындағы кездесу «Біз және Заң» атты онкүндік іс шарасына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбындағы кездесу «Біз және Заң» атты онкүндік іс шарасына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды
20
февраль
2024

«Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбындағы кездесу «Біз және Заң» атты онкүндік іс шарасына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды

Бәйдібек аудандық білім бөліміне қарасты «Шаян» мектеп лицей кітапханасында «Бала құқығы - адам құқығы» тақырыбындағы кездесу «Біз және Заң» атты онкүндік іс шарасына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Қожамжарова қатысты. Тақырыптың кездесудің мақсаты кәмелетке толмаған оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу болды. 

Кітапхана мамандары оқушыларға бала құқығы туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылык істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсулері керек екенін түсіндірді.

Сондай ақ қылмыс қайдан шығады? Оны болдырмаудың жолдары қандай? деген сұрақтар төңiрегiнде оқушылар ойларын ортаға салып, пiкiрлерін айтты.

Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді.