What animals are there on the farm?” тақырыбында ашық сабақ
"Шаян" мектеп-лицей" коммуналдык мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі пәні апталығының жоспарына сәйкес 8-10 сынып окушылары арасында Бұхарбай Гаухар және Нышан Шынар “English through the films” атты танымдық-шығармашылық кеш ұйымдастырды және 4 «В» сыныбында Оразалиева Нұржамал “My favorite animals. What animals are there on the farm?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар was/were етістіктерін қайталап, жаңа тақырыпты миға шабуыл, аудио-видео материалдар және интерактивті әдістер арқылы меңгерді. Vocabulary Matching, edupay тәсілдері қолданылып, айтылым дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Сабақ жүйелі құрылып, оқушылардың деңгейі ескерілді. Әдіскер М. Жұматаева мен пән бірлестік жетекшісі Б. Жайлауова сабақтың тиімді ұйымдастырылғанын атап өтіп, жұптық жұмысты күшейтуге ұсыныс білдірді. “English through the films” іс-шарасында оқушылар өздері таңдаған сүйікті фильмдері туралы ағылшын тілінде жан-жақты мәлімет беріп, оның жанрын, қысқаша мазмұнын, негізгі кейіпкерлерін және тәрбиелік мәнін таныстырып жеке пікірлерімен де бөлісті. “Guess the Movie”, “Guess the Genre” ойындары арқылы қатысушылардың жылдам ойлау, логикалық тұжырым жасау және еркін сөйлеу қабілеттері сыналды. Белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Екі іс-шара да мазмұнды әрі әсерлі өтіп, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға және сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
![]() |
