«My Favourite Animal» "Менің сүйікті жануарым" тақырыбында ерекше форматтағы ашық сабақ
Мектебімізде өтіп жатқан "Бүгін үйрен,ертең сөйле " тақырыбындағы" ағылшын тілі апталығы аясында 26.02.2026 жыл күні 4 «В» сыныбында ағылшын тілі пән мұғалімі Оразалиева Нұржамал «My Favourite Animal» "Менің сүйікті жануарым" тақырыбында ерекше форматтағы ашық сабақ өткізді. Бұл жай ғана ашық сабақ емес, нағыз «Animal Planet» шоуына ұқсас интерактивті коворкинг болды десе де болады. Оқушылар смартфон мен интерактивті тақтаны қолдана отырып, тапсырмаларды жылдам орындап шықты. Оқушылар сабақта ағылшын тілін меңгерумен қатар, жануарлардың мекендеу ортасы мен қоректенуі туралы да ақпараттар алды. Оқушылар өздерінің сүйікті жануарларына «Profile Card» жасап, оларды ағылшын тілінде қорғап шықты. Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өз деңгейлерін анықтап, сабақтан керемет көңіл-күймен тарқасты. Ағылшын тілі апталығы жалғасуда. Алда әлі талай қызықтар бар.
![]() ![]() |

