“Менің виртуалды әлемім" тақырыбы
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің 05.02.2026 жылғы №212 санды хатына сәйкес “Менің виртуалды әлемім" тақырыбында сурет байқауы Бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің виртуалды әлемім» тақырыбында сурет салу жұмысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балалардың виртуалды кеңістік туралы түсініктерін анықтау, олардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар өз жұмыстарында интернет әлемін, компьютер мен телефонды пайдалану ерекшеліктерін, ойындар мен әлеуметтік желілерді, сондай-ақ пайдалы және зиянды тұстарын бейнеледі. Суреттер арқылы балалардың ой-өрісі, технологияға деген қызығушылығы және қауіпсіздік туралы түсініктері байқалды. Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Бұл жұмыс балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және виртуалды әлемді дұрыс қабылдауына бағытталды. #МеніңВиртуалдыӘлемім #ҚауіпсізИнтернет #МектепПсихологтары #БастауышСынып
|
