«Менің отбасым-менің тірегім» тақырыбында сурет байқауы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2026

«Менің отбасым-менің тірегім» тақырыбында сурет байқауы

#қауіпсізбалалықшақ

“Шаян” мектеп -лицей КММ -де “Қауіпсіз балалық шак”жоспарына сәйкес қабырға газетімен оқушыларды таныстыру жұмыстары жүргізілді .

Бәйдібек ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №2120  хатына сәйкес  «Шаян» мектеп – лицей»  КММ-де     «Әлеуметтік қолдау-жарқын болашақ кепілі» тақырыбындағы онкүндік іс-жоспарына сай 19.11.2025жылы «Менің отбасым-менің тірегім» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 1-8 сыныптар арасындағы оқушылар қатыстырылды. 

Аталған байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және эстетикалық талғамын қалыптастыру болып табылады.

Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, өз туындыларында отбасыға деген мейірім мен сүйіспеншілікті түрлі сурет салу техникасы арқылы бейнелеп көрсетті. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен көркемдік қабілеті байқалды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаз сыныптар мадақтамалармен марапатталды.                                                                       

1-орын  2 «А» сынып оқушылары

2-орын 1 «Ә» сынып оқушылары

3-орын 3 «Б» сынып оқушылары

 «Үздік отбасы бейнесі» - 4 «В» сынып оқушылары

«Ең үздік шығарма»- 1 «Б» сынып оқушылары

«Ең мазмұнды жұмыс»- 2 «Б» сынып оқушысы Түзелхан Жарқынбек

«Отбасылық құндылықтарды насихаттағаны үшін»- 3 «Ә» сынып оқушылары

«Қылқалам шебері» - 3 «А» сынып оқушылары

5-8 сыныптар арасындағы марапат иегерлері:

1-орын 8 «А» сынып оқушысы Көлбаева Аружан

2-орын 6 «Ә» сынып оқушысы Мұхтар Дінмұхамед

3-орын 6 «Б» сынып оқушысы Болат Айгерім



https://www.facebook.com/share/p/1AL25K31ox/?mibextid=wwXIfr