28
апрель
2026
«Күйзелісті шығармашылықпен жеңу»
«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығының 08.09.2025 хаттамалық тапсырмасына сәйкес 26.09.2025ж күні «Күйзелісті шығармашылықпен жеңу» тақырыбында мектептің психологтары А.Жуандықова мен Н.Ауесхановалар құм терапиясымен оқушыларға сурет салдыртты. Құм терапиясы – психологиялық көмек көрсету әдістерінің бірі. Бұл әдісте бала құммен жұмыс істеп (құмға сурет салу, пішіндер тұрғызу, ойнау арқылы), өзінің ішкі дүниесін, қиялын және эмоцияларын еркін түрде бейнелейді. Құм терапиясы балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың уайымын, қорқынышын азайтуға, өзін-өзі тануына және эмоционалдық тепе-теңдігін қалпына келтіруге ықпал етеді.
Оқушыларға сурет салдыру арқылы: балалардың қиялын, ойлауын дамытады, ішкі күйзелісін сыртқа шығаруға жағдай жасайды, өзін еркін сезінуіне көмектеседі, тұлғалық дамуын қолдайды.https://www.facebook.com/share/p/ 1LFuqjd47W/?mibextid=wwXIfr
