педагогикалық ұжымға арналған түсіндірме жұмыс
«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.09.2025ж күні мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Молдабекова мен мектеп психологы А.Жуандықова педагогикалық ұжымға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мұғалімдерге буллинг, яғни балалардың бір-бірін мазақтап, қорлап немесе шеттетуі сияқты жағымсыз әрекеттердің қандай қауіп төндіретіні жайлы ақпарат берілді. Мұндай жағдайлар оқушының психологиялық дамуына, оқу үлгеріміне және жалпы мінез-құлқына кері әсерін тигізетіні атап өтілді. Сонымен қатар, пән мұғалімдеріне оқушылар арасында бір-бірін мазақтау, келемеждеу немесе балағаттау жағдайлары орын алса, оны жасырмай дер кезінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына немесе мектеп психологына хабарлау қажеттігі ескертілді. Бұл шаралар балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына ықпал етеді және буллингтің алдын- алуға көмектеседі.Екінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Молдабекова педагогтарға ППҚ (психологиялық-педагогикалық қолдау) қызметінің мазмұны мен атқаратын рөлі туралы толық мағлұмат берді. ППҚ қызметі оқушылардың оқу мен тәрбиедегі қиындықтарын шешуге, олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, психологиялық көмек көрсетуге бағытталғаны түсіндірілді.
#адалазаматбіртұтастәрбие
#біртұтас_тәрбие
#АдалАзаматhttps://www.facebook.com/share/p /1AXuqnEMhV/?mibextid=wwXIfr ![]() ![]() |

