«Буллинг дегеніміз не? Оны қалай болдырмауға болады?» тақырыбында түсіндірме сабақ
Түркістан облысы «Бәйдібек ауданының» білім бөліміне қарасты «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де 2025 жылдың 18 қыркүйек күні 5-сынып оқушыларына арналған «Буллинг дегеніміз не? Оны қалай болдырмауға болады?» тақырыбында түсіндірме сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға буллинг ұғымы, оның түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік, кибербуллинг), зардаптары және болдырмау жолдары туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластықты қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту, қандай да бір зорлық-зомбылық пен қысым көрсету әрекеттерінің жолын кесу және мектептегі қолайлы ахуалды қамтамасыз ету.
Түсіндірме сабақ интерактивті әдістер арқылы өтті: видеороликтер көрсетіліп, жағдаяттар талқыланды, топтық жұмыстар жүргізілді және оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды.
Аталған шара оқушылардың мектепке бейімделуіне, өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсінуіне, сонымен қатар қауіпсіз әрі достық ортада білім алуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Қожамжарова.Р.С
#Біртұтастәрбие
#Адалазаматhttps://www.facebook.com/share/r /1DGMfg6KR9/?mibextid=wwXIfr
