«Біз және заң» тақырыбының іс жоспарына сәйкес «Ерте жүктіліктің алдын алу»
#Біртұтастәрбие# Бәйдібек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 22.01.2024 жылғы №99 хатына сәйкес 25.01.2024 жылы «Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біз және заң» тақырыбының іс жоспарына сәйкес мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасыры Н. Молдабекова, мектептің қыздар ұйымының төрайымы К.Әбішбекова, мектеп медбикесі М.Мамаева 8-11 сынып қыздыры арасында жиналыс өткізді. Жиналыста мектеп медбикесі «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақ-жауаптар талқыланды. Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар осындай жағдайлар орын алған жағдайда қалай әрекет жасау керектігі жайлы ұсыныстар берілді. Жиналыс қыздар ұйымының төрайымы К.Әбішбекованың жоспарына сәйкес түрлі мәселелермен жалғасын тапты. |