"Бұрымды қыз" тақырыбында 8-11 сыныптар арасынды қыздар байқау » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бұрымды қыз" тақырыбында 8-11 сыныптар арасынды қыздар байқау
19
февраль
2024

"Бұрымды қыз" тақырыбында 8-11 сыныптар арасынды қыздар байқау

"Шаян" мектеп-лицей" КММ-сінде 2023 жылдың 27 қараша күні "Бәйшешек" қыздары ұйымының жоспарын сәйкес "Бұрымды қыз" тақырыбында 8-11 сыныптар арасынды қыздар байқау болып өтті. Мақсаты: Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайлылық, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалыға тән қыз бейнесін қалыптастыруға тәрбиелелеу. Байқауға 12 аруымыз қатысып бақ сынысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды.1. Сәлемдесу. Бұл бөлімде аруларымыз тіл көркемдігі және сырт сымбатты, жүріс тұрысы сынға түсті. 2. Мен қазақтың қызымын дара туған. Бұл бөлімде аруларымыз шаш үлгісін жасады. Жасаған шаш үлгісін таныстырды. 3. Білімді мыңды жығар. Сұрақ жауап. Бұл бөлімде жабық түрде сұрақтар берілді. а) Мақал мәтелді жалғастыр. ә) Қазақтың салт дәстүрлері туралы сұрақтар. б) Қазақтың ырым тиымдар туралы сұрақтар берілді. Байқау өте тартысты болды. Аруларымыз белсен қатысып өздерін жақсы жақтан көрсете білді. Нәтижесінде 1 орын 9 "ә" сынып аруы Сұлтанқызы Жанұр. 2 орын 10 "ә, 9 "а"сынып арулары Болат Әсел, Тұрсынбай Аяулым. 3 орын 11 "а", 10 "а", 10 "б" сынып арулары Сембек Аягөз, Балтабай Инабат, Дадонова Диан атты аруларымыз жеңіс тұғырларынан көрінді. Байқау ұстаздармен және оқушылар үшін ұлттық құндылығымызды жаңғыртуға бағытталды. Қазылар алқасы, байқауға қатысушы ұстаздар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, бұл байқаудың біз үшін қаншалықты маңызды екенін айтып өтті. Байқау соңында қыздар ұйымының төрайымы К.Әбішбекова қатысушы қыздарға алғысын білдіріп осындай іс-шаралар жалғасын табатындығын айтты.