“Бәйшешек” қыздар ұйымының арасында баскетболдан жарыс
Бәйдібек ауданы, “ Шаян” мектеп-лицей” КММ-де 5-7 сыныптар арасындағы “Бәйшешек” қыздар ұйымының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 17 қаңтар күні сағат 10:00 де 6-7сыныптардың қыздары арасында баскетболдан дене тәрбиесі пән мұғалімі М. Патсаев пен Н.Әжібековтың ұйымдастыруымен жарыс болып болып өтті. Спорттық жарыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Білім алушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Спорттық жарысқа 4 топтан құралған команда қатысты, әр командада 5 білім алушыдан құралды. Спорттық жарыстың нәтижесі бойынша 1-орын 7 “А” сыныбы, 2-орын 7 “Б” сыныбы, 3-орынды 7 “В” сыныбы иеленді. Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаз команданы мақтау қағаздарымен марапаттады. Іс-шараның қорытындысында жас баскетболшыларға алдағы үлкен жарыстарға жеңіс тіледі. |