«Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35жыл» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2024

«Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35жыл»

«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 23-ақпан күні «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35жыл» толуына байланысты 10-11 сынып оқушылары арасында «Біз –болашақ Отан қорғаушылармыз» атты әскери-спорттық жарысқа 10-11 сыныптардан құралған командалар қатысты.
Әскери-спорттық жарысқа 11 а сыныбынан «Айбын» командасы, 10 а сыныбынан «Жалын» командасы, 10 ә сыныбынан «Бүркіт» командасы 10 б сыныбынан «Барыс» командалары қатысып, әскери спорттың 6 түрінен бақ сынады. Атап айтар болсақ 11 а сыныбы І орынды иеленді. ІІ орынды 10 ә сыныбы және ІІІ орынды 10 б сыныбы иеленді. Жарыс ақпан айының жиырма үшінші жұлдызында өтілді.
Бүгінгі оқушы ертеңгі азамат , азаматтық борыш , қадір қасиет атты ұғымдарды бала бойына сіңіре отырып жүргізілген іс-шара нәтижесінде АӘжТД пәнінен 10-11 сыныптардың алған теориялық білімдерін практика жүзінде көрсете білді .
6 кезең бойынша өткізілген жарысқа атап айтар болсақ Салтанатты шеру байқауы, саптағы әндер байқауы, «Кім жылдам» автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау, шалқалай жатып денені көтеру, арқан тартыс, әскериленген іс-қимылдар бойынша сынға 10 - 11 сыныптардан құралған «Айбын», «Жалын», «Бүркіт», «Барыс» командалары қатысқан болатын. Осы жарысқа әділқазылар алқасының төрағасы болып Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, жұмылдыру бөлімше бастығы, майор Дәулетбаев Мейрамбек Маханбетұлы, «Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәлімгері Бахтияров Әлібек Бахтиярұлы, осы аталған мектептің түлегі Аман Мұхаммедәлі Сәбитұлы атты азаматтар өздерінің әділ бағаларын берді. Сайысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожамжарова Рахат Сейдахметқызы ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Нәтижесінде I-орын «Айбын», II-орын «Бүркіт», III-орын «Барыс» командалары алса, «Әскериленген іс-қимылдар» бойынша үздік шыққан «Айбын», «Арқан тарту» бойынша үздік атанған «Жалын» командалары алды. «Кім жылдам» автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтауда үздік шыққан 11 а сынып оқушысы Орынбасар Еркебұлан, «Шалқалай жатып денені көтеру жаттығуы» бойынша үздік орындаушы 10 б сынып оқушысы Аманбай Аруна, «Үздік командир» номинациясын 10 ә сынып оқушысы Зиябек Дәурен иеленсе, «Үздік жауынгер» номинациясын 10 а сынып оқушысы Алмасқызы Сәуле иеленді.
Осындай жарыста өздерінің өнерлерімен көзге түскен оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып АӘжТД пәнін оқытушы – ұйымдастырушысы Жанысбаев Асхат ағайымыз алдағы уақытта да дәстүрге айналады деп сенім білдірді .

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1118614749277314&set=pcb.1118614865943969&__cft__[0]=AZUzS33KvKSJYOhWGZx514Ivqy5esUVQjUOII74yPy3S8PDwh76xwlbx-HuKP8PSEOcXu2x9odKiRLWKvAnLos7nWcXs8FffLAPVXkft6jEAVTNV5djP_aQGvFd4kYi2Kk9zYqeoaMKIBZYAAmFYl7MdK7GaUPekM_uXpWymGbpnXw&__tn__=*bH-R