Д.Жаздықбай «Менің арманымдағы мамандық»
2025 жылы 03.10.2025ж "Шаян " мектеп-лицей" КММ-де 4 «В» сыныбында жетекшісі Д.Жаздықбай «Менің арманымдағы мамандық» тақырыбында сынып сағаты өткізді. - Оқушыларға мамандық түрлерін таныстыру; - Әр мамандықтың қоғамға тигізер пайдасын түсіндіру; - Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту; - Еңбекқорлыққа, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Ой қозғау кезеңінде оқушылар «Мамандық деген не?» сұрағына өз ойларын білдіріп, түрлі мамандықтарды атады.Сұрақ-жауап арқылы әр мамандықтың маңызы ашылды (дәрігер, мұғалім, құрылысшы, аспаз, жүргізуші).Викториналық ойындар ұйымдастырылып, суреттер арқылы «Бұл кімнің еңбегі?» ойыны ойналды. Сөзжұмбақ шешу барысында оқушылар белсенділік танытты.Өз арманындағы мамандығы туралы сөзжұмбақ арқылы шешілді.Беймәлім мамандықтар туралы мәлімет берілді (ландшафт дизайнері, IT-маман, дизайнер). Оқушылар өздерінің армандаған мамандықтары туралы қысқаша анықтама жазып, сынып алдында оқыды.Суретті сөйлету тапсырмасында әр мамандыққа байланысты суреттер беріліп, оқушылар оның қызметін түсіндірді. Сынып сағаты тартымды әрі қызықты өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Әр мамандықтың қоғамға қажеттілігін түсініп, еңбек адамына құрметпен қарау керектігі туралы жақсы ой түйді. Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Р.Жамалбекова және кәсіптік бағдар беру педагогы Н.Ауелбекова және педагог-ассистент Г.Утебаева қатысты.
|

