Мамандық таңдау кеші! » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2022

Мамандық таңдау кеші!

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шаян көпсалалы лицей -жалпы орта мектебінде  5.02.2022 ж күні  «Мамандықты таңдай білесің бе?» тақырыбында  9- сынып оқушыларымен   мектеп психологы   А.Жуандықова   мамандық иелерімен кездесу ұйымдастырды.  Кездесуге  Бәйдібек ауданы Шаян ауылының  тұрғыны,  өз маманының  шебері, шаян ауылы бойынша  жалғыз темір ұстасы  Тұрар ағамыз, ауданымыздың  дәрігері, адам жанына дауа бола білген  Ұлдана ханым, ауданымызда электрик маманы болып жұмыс атқарып жүрген, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарап жүрген  Серік мырза, төтенше жағдай қызметінің маманы,  осындай қауіпті әрі  жауаптылықты  талап ететін  мамандықтың  иесі  Айтбай мырзалар қатысты.  Маман иелері  өз мамандықтары жайлы  балаларға насихаттап,  мамандықтарының қызықшылығы мен қиыншылықтары жайлы әңгімелеп берді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, өз көкейінде  жүрген сұрақтарға жауап алып, біршама оқушылар қызығушылық білдірді.  Мектеп кітапханашысы  Қ.Қонысова  «маманықтың  он тәсілі»  тақырыбында баяндама  оқып, оқушыларға түсіндірді.  Кездесу соңында  ер балалар  Тұрар ағамыздың  үйіне барып құрал сайманымен, өзінің жұмыс істейтін аппараттарымен танысқысы келетіндігі жайында ұсыныс ойларын білдірді. Ағамыз қуана қарсы алатындығын айтып, кез келген уақытта үйретуге дайын екендігін айтты.