"Шаян"мектеп-лицей" КММ-де жоспарға сәйкес 01.10.2025 ж 2 А сыныбы сынып жетекшісі С.Бекенқызы "Менің арманымдағы мамандық " атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу,мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, оқушылардың өмір,туралы көзқарасын дамыту,алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу.Тәрбие сағаты барысында оқушылар әртүрлі мамандықтарымен танысты. Мысалы: құрылысшы,тігінші, аспазшы,өрт сөндіруші, шаштараз, жүргізуші т.б мамандар жайлы бейнеролик көрсетіліп оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сабақ қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып,өз ой-пікірлерін ашық айтты.Тәрбие сағатына мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Р.Жамалбекова мен кәсіптік бағдар беру педагогы Н.Ауелбекова қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/1Dz6vKpkWq/?mibextid=wwXIfr
  |
|