28
апрель
2026
"Жұмысшы мамандықтары:бүгінгі сұраныс,ертеңгі мүмкіндік "
"Шаян" мектеп-лицей" КММ-де 2025 жылдың 01-14 қазан аралығында "Жұмысшы мамандықтары:бүгінгі сұраныс,ертеңгі мүмкіндік " тақырыбында онкүндіктің іс-шарасының жоспары жасалып,бекітілді. Мақсаты: Оқушыларды еңбек нарығындағы сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарымен таныстыру,таңдауда дұрыс бағыт-бағдар жасауға ықпал ету.Мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Р.Жамалбекова және кәсіптік бағдар беру педагогы Н.Ауелбекова Қоғамдағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және еңбек адамының мәртебесін көтеру мақсатында ел дамуына еңбек адамының қосатын үлесін түсіндірді.Сондықтан жұмысшы мамандығы құрметті және қажетті кәсіп.2025 жылы Қазақстанда "Жұмысшы мамандықтар жылы"деп жарияланды. Оқушыларға жан -жақты түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
https://www.facebook.com/share/p/ 1bpf1n3Fxo/?mibextid=wwXIfr

https://www.facebook.com/share/p/ 1bpf1n3Fxo/?mibextid=wwXIfr
