«Жас заңгер» интеллектуалдық сайысы
Бәйдібек ауданы прокуратурасы және “Шаян” мектеп-лицей”КММ ұйымдастыруымен “ Шаян “мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушыларының қатысуында «Жас заңгер» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайыс оқушылар арасында заңдылық пен тәртіп қағидаттарын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Сайысқа «Құқық білгірлері» және «Жас әділет» топтары қатысты. Сайыс барысында қатысушылар заң талаптарына негізделіп, әзірленген сұрақтарға жауаптар беріп, тапсырмаларды орындады. Қатысушылар «Үздік көшбасшы», «Үздік жас заңгер» және т.б. номинациялар бойынша марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.Осы тектес сайыстар жас ұрпақты заңға құрметпен қарауға, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыруға, құқықтық, патриоттық және адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге септігін тигізеді.
|