"Шамшырақ"интеллектуалды сайысы өтті » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2026

"Шамшырақ"интеллектуалды сайысы өтті


"Шаян" мектеп-лицей" КММ-де  "Тәуелсіздік-тұғырым" атты апталық аясында 12.12.25ж күні 11 сынып оқушыларының арасында  тарих пәні мұғалімі Тунгатова Акайшаның ұйымдастыруымен "Шамшырақ"интеллектуалды сайысы болып өтті  Сайыстың мақсаты: оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту,білім деңгейін, шығармашалық ізденісін байқау. Оқушылардың тарихтан басқа пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Сонымен қатар сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін, тарих пәніне деген қызығушылығн арттыру, халық дәстүрін сүюге, отанын сүюге тәрбиелеу.Сайыс ойын, сұрақ-жауап арқылы өткізілді. Сайысқа тарих пәні мұғалімдері Ж.Махаш, Қ.Алиев,А.Кумекова, геограия пән мұғалімі Н.Турымбетова,мектеп директорының бейінді ісі жөніндегі орынбасары Р. Жамалбекова қатысты.Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Оқушыларды  3 топқа  бөліп, кезеңдер   "Тарих", "Тұлғалар", "Салт-дәстүр", "Қызықты сұрақтар", "Кино" бөлімдері бойынша логикалық және функционалдық сауаттылықты дамытатын сұрақтар қойылды. Сайыс нәтижесі бойынша "Алаш" тобы бірінші орын, "Алау" тобы екінші орын және "Жалын" тобы үшінші орын иеленді. Сайыс барысында 11"А" сынып оқушылары Аманжол А, Исаев С, Садуақас Ж үздік нәтиже көрсете білді."Шамшырақ" сайысы өз деңгейінде   керемет ұйымдастырылып, оқушылардың бойындағы білімге құштарлығын арттыра білді.


https://www.facebook.com/share/p/189XWPUJfD/?mibextid=wwXIfr