«Заң және тәртіп» тақырыбында дебат ойыны
“Шаян” мектеп-лицей” КММ-де 2026 жылғы 27 қаңтар күні 9-сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Аталған дебаттың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Дебат барысында оқушылар екі тарапқа бөлініп, өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғады. Қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызы, жасөспірімдер арасындағы тәртіп сақтау мәселелері талқыланды. Оқушылар белсенділік танытып, пікірталас мәдениетін сақтай отырып ой бөлісті. Іс-шара өз деңгейінде өтіп, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
![]() |
