“Әділдік пен тәртіп оқу ілгерімінің кепілі» тақырыбы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2026

“Әділдік пен тәртіп оқу ілгерімінің кепілі» тақырыбы

19.01.2026 ж күні “Әділдік пен тәртіп оқу ілгерімінің кепілі» тақырыбында  5 «Ә» сыныбы ашық тәрбие сағаты  өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушыларға әділдік пен тәртіптің адам өміріндегі, әсіресе оқу үдерісіндегі маңызын түсіндіру, жауапкершілікке, адалдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

  Іс-шара барысында оқушылар әділдік ұғымына байланысты ойларын ортаға салып, тәртіп сақтаудың оқу үлгеріміне және сыныптағы жағымды орта қалыптастыруға тигізетін әсерін талқылады. Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар және пікір алмасу әдістері қолданылды.Видио көрсетіліп, жағдаяттық талдау жасап өз ойларын айтты.Сыныпта  адамгершілік туралы 3 минуттық сахналық қойылым көрсетті.

 Тәрбие сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, әділдік пен тәртіптің жеке тұлға қалыптастырудағы рөлін түсіне білді. Сабақтың тәрбиелік мәні жоғары болды, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.




https://www.facebook.com/share/p/1A33tNJpbr/?mibextid=wwXIfr