«Мейірімділік әлемді құтқарды » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2026

«Мейірімділік әлемді құтқарды

«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әлеуметтік қолдау –жарқын болашақ кепілі» атты он күндік іс-шара негізінде «Мейірімділік әлемді құтқарды» тақарыбында        4 Б сыныбы 14- қараша күні сынып сағатын өткізді.Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға мейірімділік, адамгершілік, қамқорлық қасиеттерінің маңызын түсіндіру; айналаға жан жылуын сыйлай білуге үйрету; бір-біріне құрметпен қарау, көмек көрсету, жанашырлық білдіру сезімдерін қалыптастыру.Мейірімділік ұғымының мәнін ашу;Адамдар арасындағы жылы қарым-қатынастың өмірдегі рөлін түсіндіру;Жақсылық жасауға, қайырымды болуға тәрбиелеу;Өз істеріне жауапкершілікпен қарап, оң әрекеттерге ынталандыру.Тәрбие сағатының қысқаша мазмұны:Бұл тәрбие сағатында оқушылар мейірімділік туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді талдайды, өмірден алынған мысалдар келтіреді. Топтық жұмыс барысында бір-біріне жылы лебіздер айтып, жақсылық жасаудың адамға қуаныш сыйлайтынын түсінеді. «Жүректен жүрекке» тренингі арқылы мейірімділік пен жанашырлықтың адам өміріндегі ең маңызды рухани құндылық екені айқындалады. Сонымен қатар шағын бейнероликтер мен жағдаяттық тапсырмалар көрсетіліп, оқушылар дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.Сынып сағатында мейірімділік әлемді құтқарады тақырыбында бейнежазба көрсетіліп ,білім алушылардың мейірімділік туралы түсініктері кеңейе түсті.Және білім алушылар  бір–біріне жүректен шыққан жылы сөздерін арнады.


https://www.facebook.com/share/p/1Ds8Vrx692/?mibextid=wwXIfr