«Мейірімділік әлемді құтқарады» т
14.11.2025ж «Шаян» мектеп-лицей» КММ-сінің 1-5 сыныптартар арасында «Мейірімділік әлемді құтқарады» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты — оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, бір-біріне қамқорлықпен қарап, айналасына жылы сезіммен қарауға үйрету болды. Сынып сағаты барысында оқушылар мейірімділік ұғымының мәнін ашып, мақал-мәтелдер айтып, топтық жұмыс арқылы «Мейірімді адам қандай?» тақырыбында постерлер қорғады. Сонымен қатар, бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шара соңында оқушылар «Мейірімділік – адам жанының айнасы» деген қорытындыға келді. Сынып сағаты тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын бойына сіңіріп, жақсы істерге ұмтылу қажеттігін түсінді. |
https://www.facebook.com/share/p/1Dfhc4CsjW/?mibextid=wwXIfr ![]() |
