ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ОНКҮНДІК » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ОНКҮНДІК

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ОНКҮНДІК 


   «Шаян» мектеп-лицей КММ де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес «Заң және тәртіп» онкүндігінің ашылуы болып өтті.

    Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауатын арттыру, тәртіпке баулу және өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге жағдай жасау.     

   Ашылу барысында оқушыларға арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды ақпараттар ұсынылды.  

  Сонымен қатар онкүндік аясында өткізілетін тәрбиелік, танымдық іс-шаралар мен тапсырмалар оқушыларға таныстырылып, белсенділік танытуға шақырылды.  

   Бұл онкүндік – оқушылардың заңға деген көзқарасын қалыптастырып, жауапкершілік сезімін оятуға үлкен мүмкіндік.  

  Тәртіп пен заңды сақтау – әр оқушының міндеті, ал оны білу – өз құқығыңды қорғаудың алғашқы қадамы.  

Алда түрлі     құқықтық шаралар күтіп тұр!  

Білімді де тәртіпті болайық!

#адал_азамат

#біртұтас_тәрбие


https://www.facebook.com/share/p/1BpKbnQX5a/?mibextid=wwXIfr