«Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындақылмыс пен құқық бұзушылық » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

«Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындақылмыс пен құқық бұзушылық

#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие  16.01.2026 жыл, күні «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын орындау мақсатында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындақылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатындағы бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жасөспірім және құқықбұзушылық», «Біз бәріміз теңбіз» тақырыбында ата-аналар мен ҮЕҰ-өкілдерімен 7-сынып қыз балалары арасында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.

Қонақтар: Бәйдібек аудандық «Домалақ ана» ҚБ-нің мүшелері, Мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы М.Ормаханова, «Даналық мектебі» клуды төрағасы А.Абубакирова.

Кездесу барысы: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық – қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі екендігі. Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қыз балалардың құқықтары мен қоғамдағы тең мүмкіндіктері туралы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Р.Қожамжарова баяндама жасап түсіндірсе, кітапханашы Қ.Қонысова салт-дәстүрдің құндылықтары тәрбиенің қайнар көзі екенін атап кітаптардан үзінділер оқыды. Келген қонақтар аталған мәселелер төңірегінде қыз балалардың қауіпсіздігі кеңінен талқыланды. Мамандар жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жауапкершілігі және өз құқықтарын білуінің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар «Біз бәріміз теңбіз» тақырыбы аясында гендерлік теңдік, қыз балалардың өзін-өзі қорғауы, өз ойын еркін білдіруі және қоғамдағы рөлі жөнінде пайдалы ақпарат берілді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Іс-шараның мақсатына қол жеткізілді: жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды ақпарат берілді. Ата-аналар мен ҮЕҰ өкілдері арасында пікір алмасу орын алып, қыз балалар өз құқықтарын қорғаудың жолдарын түсінді. Жасөспірімдердің дұрыс тәрбие мен психологиялық қолдау алуына үлкен назар аударылды. Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіз орта құруға және олардың болашағына жауапкершілікпен қарауына оң әсерін тигізді.


https://www.facebook.com/share/v/1BweB3k5j4/?mibextid=wwXIfr