«Өнеге отбасынан» тақырыбы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

«Өнеге отбасынан» тақырыбы

«Шаян» мектеп-лицей» КММ-де кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу мақсатында  «Заң және тәртіп» тақырыбында жүргізіліп жатқан онкүндік іс-шара бойынша     27.01.2026 жкүні білім беру ұйымында ата-аналарға арналған  «Өнеге отбасынан» тақырыбында мектеп психологы А.Жуандықова  тренинг сабақ өткізді.

Тренингтің мақсаты – отбасындағы тәрбиенің бала тұлғасын қалыптастырудағы маңызын түсіндіру, ата-аналарға өнегелі тәрбие берудің тиімді жолдарын көрсету, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Сабақ барысында ата-аналармен түрлі психологиялық жаттығулар, пікір алмасулар, жағдаяттық тапсырмалар жүргізілді. Қатысушылар отбасындағы үлгі-өнегенің, сыйластық пен жауапкершіліктің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Тренинг ата-аналардың белсенді қатысуымен, жағымды психологиялық ахуалда өтті.

Өткізілген тренинг ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға өз септігін тигізді.





https://www.facebook.com/share/p/1CV7KcaMtt/?mibextid=wwXIfr