#біртұтастәрбиеадал азамат Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мақсатты "Шаян" мектеп-лицей" КММ кітапханасында 9 сыныптар арасында "құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ұлттық тәрбие туралы кітаптар қойылды. Даңқты қолбасшы, жазушы Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ "Ұшқан ұя' кітабындағы әке тәрбиесінің ерекшеліктері туралы ой қозғалды. Оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және өздерінің жаупкершіліктері туралы, заң талаптары туралы түсіндірілді. |